Республикалық Медициналық Академиясының студенттері жан-жақтылығымен көзге түсуде. Астана қаласында тұңғыш рет IDC пікірсайыс орталығының ұйымдастыруымен өткен колледжаралық турнирде жүлделі орыннан көріне білді. 2 күнге созылған ShowCup турнирінде 28 фракция бақ сынасып, үздік 8 фракция жартылай финалға жолдама алған болатын. Мықтылар ішінде колледжіміздің “Жалын” фракциясы, Аянжол Айдынгүл мен Оразхан Бейбарыс оза шауып 2-орынға табан тіреді. Сонымен қатар,
17-18 желтоқсан күндері Астана қаласында өтетін республикалық “Тұңғыш Cup” турниріне жолдама алды. Республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен 32 фракция қатысады. Оқу орнымыздың және Астана қаласының намысын қорғайтын студенттерімізге сәттілік тілейміз