Колледж / Жаңалықтар

Пікірсайыста топ жарды

Колледж
Пікірсайыста топ жарды

Республикалық Медициналық Академиясының студенттері жан-жақтылығымен көзге түсуде. Астана қаласында тұңғыш рет IDC пікірсайыс орталығының ұйымдастыруымен өткен колледжаралық турнирде жүлделі орыннан көріне білді. 2 күнге созылған ShowCup турнирінде 28 фракция бақ сынасып, үздік 8 фракция жартылай финалға жолдама алған болатын. Мықтылар ішінде колледжіміздің “Жалын” фракциясы, Аянжол Айдынгүл мен Оразхан Бейбарыс оза шауып 2-орынға табан тіреді. Сонымен қатар,17-18 желтоқсан күндері Астана қаласында өтетін республикалық “Тұңғыш Cup” турниріне жолдама алды. Республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен 32 фракция қатысады. Оқу орнымыздың және Астана қаласының намысын қорғайтын студенттерімізге сәттілік тілейміз

Колледждің басқа жаңалықтары

22 қаңтар 2026 Колледж

«Стоматология және имплантологиядағы заманауи үрдістер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Бүгін Radisson қонақ үйінің конференц-залында ТОО «Республикалық медициналық академиясы» ұйымдастырған колледж директоры Смакова Сауле Социаловнаның мерейтойына арналған «Стоматология мен имплантол…

Толығырақ
27 наурыз 2025 Колледж

Жұмысшы мамандықтар жылы: «Менің мамандығым – мақтанышым»

2025 жылғы 27 наурызда Астана қ. Сарыарқа ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Менің мамандығым – мақтанышым» қалалық іс-шарасы өтті. «РМА» ЖШС атынан түлек Жақсылық Ақтілек қатысты.

Толығырақ
14 қараша 2023 Колледж

08.11.2023 ж Астана қаласының колледждер арасында волейболдан жарыс өткізілді!

Республикалық Медицина Академиясыняң студенттері керемет ойындарымен көзге түсті! Қатысқан студенттерге алғысымызды білдіреміз!

Толығырақ