Колледж / Талапкерлерге
Қабылдау ережелері
«Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС-не 2026–2027 оқу жылына қабылдау ережелері.
1. Жалпы ережелер
Колледжге қабылданады:
- Қазақстан Республикасының азаматтары;
- шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
- негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар тұлғалар.
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар үміткерлер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың ұсынымдары ескеріледі. Жекелеген санаттарға жеңілдіктер қарастырылған.
2. Құжат қабылдау мерзімдері
- Мемлекеттік тапсырыс (күндізгі оқу)
- 25 маусымнан 15 тамызға дейін
- Ақылы негізде
- 25 маусымнан 25 тамызға дейін
3. Құжаттарды тапсыру тәртібі
- колледждің қабылдау комиссиясына тікелей;
- немесе eGov.kz порталы арқылы.
Кәмелетке толмағандар құжаттарды заңды өкілінің қатысуымен тапсырады.
4. Қажетті құжаттар тізімі
- қабылдау туралы өтініш;
- білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
- 3×4 см фотосурет – 4 дана;
- № 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
- 031-У нысанындағы анықтама (мүгедектігі бар тұлғалар үшін);
- жеке куәлік;
- жеңілдікті растайтын құжаттар (бар болса);
- шетелдік немесе қандас мәртебесін растайтын құжаттар (қажет болса);
- 063-екпе картасының көшірмесі.
5. Қабылдау сынақтары
- медициналық мамандықтарға түсушілер психометриялық тестілеуден өтеді;
- кәсіптік немесе жоғары білімі барлар үшін — эссе жазу қарастырылған;
- байқау 26–28 тамыз аралығында өткізіледі, нәтижелер 29 тамызда жарияланады.
6. Конкурс және оқуға қабылдау
- орташа конкурс балы аттестат/дипломдағы бағалар негізінде есептеледі;
- балл тең болған жағдайда білім туралы құжаттағы орташа балл және квота санаты ескеріледі;
- оқуға қабылдау колледж директорының бұйрығымен 31 тамызға дейін жүзеге асырылады;
- ақпарат колледждің ақпараттық стендтерінде және сайтында жарияланады.
7. Апелляция
Үміткерлер емтихан нәтижелеріне келіспеген жағдайда келесі күнгі сағат 13:00-ге дейін апелляцияға өтініш бере алады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.
8. Қосымша
- карантин немесе төтенше жағдай кезінде қабылдау процесі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүргізіледі;
- қабылдау комиссиясы 10 маусымға дейін, емтихан комиссиясы 20 маусымға дейін құрылады.
1-қосымша. Мамандықтар бойынша бейіндік пәндер тізбесі
- Коды
- 09110100
- Мамандық
- Стоматология
- Негізгі орта білім негізінде
- Биология, химия
- Жалпы орта білім негізінде
- Биология, химия
- Коды
- 09110200
- Мамандық
- Ортопедиялық стоматология
- Негізгі орта білім негізінде
- Биология, химия
- Жалпы орта білім негізінде
- Биология, химия
- Коды
- 09120100
- Мамандық
- Емдеу ісі
- Негізгі орта білім негізінде
- Биология, химия
- Жалпы орта білім негізінде
- Биология, химия
- Коды
- 09130100
- Мамандық
- Мейіргер ісі
- Негізгі орта білім негізінде
- Биология, химия
- Жалпы орта білім негізінде
- Биология, химия
- Коды
- 09130200
- Мамандық
- Акушер ісі
- Негізгі орта білім негізінде
- Биология, химия
- Жалпы орта білім негізінде
- Биология, химия