Академия / Студенттерге

Медициналық қызмет көрсету

«РМА» ЖШС студенттері мен қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және 2017 жылғы 8 ақпандағы № 17002197 медициналық қызметті жүзеге асыруға берілген мемлекеттік лицензия және оған 2021 жылғы 22 қарашадағы № 005 қосымша негізінде жүзеге асырылады.

Ұйымда лицензиясы № KZ57VWF00050154 болатын медициналық пункт жұмыс істейді, оның құрамында жеке орналасқан емшара кабинеті бар.

Медициналық пункт алғашқы медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ қажетті профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді.

Студенттерге дәрігерлік қызмет көрсету Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК студенттік емханасымен жасалған ынтымақтастық туралы шарт негізінде ұйымдастырылған.

Ұйымның педагогтері мен қызметкерлері белгіленген тәртіппен жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтеді.

Медициналық пункттің қызметі студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, денсаулығын сақтауға және нығайтуға, сондай-ақ салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.