Академия / Студенттерге

Ішкі тәртіп ережелері

«Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС білім алушыларының ішкі тәртіп ережелері.

1. Жалпы ережелер

2

Осы ішкі тәртіп ережесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және «Республикалық медицина академиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі — «РМА» ЖШС) Жарғысы негізінде әзірленді.

3

«РМА» ЖШС директорының бұйрығымен оқуға қабылданған тұлға білім алушы болып табылады.

4

Білім алушы «РМА» ЖШС білім беру процесінің негізгі субъектісі болып табылады.

6

«РМА» ЖШС білім алушыларына студенттік билет және білім алушының үлгерім кітапшасы беріледі, олар «РМА» ЖШС бітіргеннен кейін оқу бөліміне тапсырылады.

7

Білім беру бағдарламаларын игерудегі, «РМА» ЖШС эксперименттік және басқа да қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері үшін моральдық және материалдық көтермелеудің әртүрлі нысандары белгіленеді.

2. Білім алушылардың «РМА» ЖШС қызметкерлерімен қарым-қатынасы

9

Емтихандарды тапсыру бойынша мәселелер ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес регламенттеледі және білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 «Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы, Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалау» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

10

Стипендиялық қамтамасыз етуге қатысты мәселелер ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 07 ақпандағы № 116 «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшері» қаулысымен регламенттеледі.

3. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

12

Білім алушылардың құқығы бар:

  • 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;
  • 3) «РМА» ЖШС оқу кабинеттерінің, зертханаларының, аудиторияларының, кітапханасының және басқа да бөлімшелерінің үй-жайлары мен жабдықтарын оқу мақсатында тегін пайдалануға;
  • 4) қосымша сабақтар мен факультативтерге қатысуға;
  • 5) «РМА» ЖШС ғылыми-зерттеу, эксперименттік, шығармашылық қызметіне қатысуға;
  • 6) «РМА» ЖШС әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға;
  • 8) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларына сәйкес академиялық демалысқа;
  • 9) «Білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен белгіленген тәртіппен бір оқу орнынан екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне қайта қабылдауға және ауыстыруға;
  • 10) сабақтан тыс уақытта спорт секцияларының сабақтарына қатысуға;
  • 11) клубтардың жұмысына қатысуға;
  • 12) «РМА» ЖШС шығармашылық ұжымдарының жұмысына қатысуға.
13

«РМА» ЖШС білім алушылары міндетті:

  • 1) тәртіпті болуға, «РМА» ЖШС Жарғысын, осы Ережені сақтауға;
  • 2) таңдаған мамандығы бойынша кәсіби білімдерін, практикалық дағдылары мен іскерліктерін жүйелі және терең меңгеруге;
  • 3) оқу жоспарында және оқыту бағдарламаларында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;
  • 4) жалпы мәдениетті арттыруға, адамгершілік және дене бітімін жетілдіруге үнемі ұмтылуға;
  • 5) оқытушылар құрамына, «РМА» ЖШС қызметкерлеріне және білім алушыларға құрметпен және дұрыс қарауға;
  • 6) өзіне деген еңбекқорлықты тәрбиелеуге, «РМА» ЖШС-де және практика базаларында өзіне-өзі қызмет көрсетуге белсенді қатысуға, белгіленген жұмыс режимін сақтауға;
  • 9) қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға;
  • 10) «РМА» ЖШС меншігін қорғауға және нығайтуға;
  • 11) қоғамға жат көріністерге төзбеушілік танытуға, «РМА» ЖШС қоғамдық өміріне қатысуға, өзінің болашақ кәсібінің беделін қолдауға;
  • 12) адамдарға мейірімділік, жанашырлық танытуға, дөрекілік, қатыгездік көріністерінің алдын алуға;
  • 17) зертханаларда, клиникаларда, кабинеттерде және өндірістік оқыту кезінде білім алушы сабақ басшысы көрсеткен құралдарды, аспаптарды және басқа да құралдарды ғана пайдалануы, оларға ұқыпты қарауы және қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауы тиіс;
  • 19) ауру немесе басқа да дәлелді себептер бойынша сабаққа келмеген кезде білім алушы бұл туралы үш күн мерзімде оқу тобының басшысына, бөлімше меңгерушісіне хабарлауға міндетті. Білім алушы келмеу себебі туралы деректерді және ақтау сипатындағы мәліметтерді қамтитын белгіленген үлгідегі құжаттарды (анықтамалар, шақыру қағаздары, хаттар, жеделхаттар және т. б.) ұсынады;
  • оқу процесі кезінде іскерлік атмосфераны қалыптастыру және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, эстетикалық талғамды тәрбиелеу, киім кию мәдениетін қалыптастыру, медициналық мамандыққа деген сүйіспеншілік пен құрметті ояту, студенттер арасындағы әлеуметтік, мүліктік және діни айырмашылықтарды жою, өз қатарластарының алдында психологиялық қолайсыздықтың алдын алу үшін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 15-1-тармағына сәйкес «РМА» ЖШС-де белгіленген сыртқы келбетке қойылатын бірыңғай талаптарды сақтауға. Бұл талаптар медициналық ұйым қызметкеріне сәйкес киім үлгісін қамтиды (ақ халат, қалпақ, маусымға сәйкес ауыстырылатын классикалық немесе классикаға жақын аяқ киім);
  • 22) білім беру ұйымында және оған бекітілген аумақта тазалық пен тәртіпті сақтауға;
  • 23) материалдық құндылықтарға ұқыпты қарауға, электр энергиясы мен суды үнемдеуге;
  • 24) қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға.
14

Әр топта оқу жылына топ старостасы болып үлгерімі жақсы және тәртіпті студенттердің біреуі тағайындалады. Топ басшысы куратордың жетекшілігімен жұмыс істейді.

15

«РМА» ЖШС студенттеріне тыйым салынады:

  • 1) студенттік билетті басқа тұлғаға беруге;
  • 2) оқу сабақтары кезінде бөгде адамдарды шақыруға;
  • 3) сабаққа кешігіп келуге;
  • 4) «РМА» ЖШС-нің басқа білім алушылары мен қызметкерлерінің жеке басының бостандығы мен ар-намысына қол сұғуға;
  • 5) білім алушылар мен оқытушылардың денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға;
  • 9) жарылыс қаупі бар, шаншылатын және кесетін заттарды, сондай-ақ тұншықтыратын иісі бар заттарды әкелуге;
  • 10) оқу сабақтары кезінде сағыз, шемішке қолдануға, құмар ойындар ойнауға;
  • 11) «РМА» ЖШС-нің оқу журналдарын, түрлі жабдықтарын, басқа да мүлкін өз еркімен алуға және аудиториядан шығаруға;
  • 13) айналасындағылардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға;
  • 14) басқа адамдарға қатысты физикалық зорлық-зомбылық, қорқыту, қатыгездік және қорлау актілеріне жол беруге, мүлікті ұрлауға, жеке мүлікті және оқу орнының мүлкін қасақана бүлдіруге, агрессивті немесе бұзақылық мінез-құлық (дөрекілік, айқайлау және өзге де осындай әрекеттер) көрсетуге, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға;
  • 18) қоғамдық тәртіпті және оларды жүргізудің белгіленген регламентін бұза отырып, саяси және діни сипаттағы жария іс-шараларды өткізуге, тіркелмеген ұйымдардың атрибутикасын пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін идеяларды насихаттауға;
  • 19) нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға, сондай-ақ ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға бағытталған іс-әрекеттер жасауға.
16

Студенттер академиялық адалдықты сақтауға және мыналарға жол бермеуге тиіс:

  • 1) көшіріп алу, шпаргалкаларды пайдалану және академиялық жұмысты орындау кезінде, аралық немесе қорытынды аттестаттауда өзіне немесе басқа біреуге көмек көрсету үшін ақпаратты заңсыз алу жолдары;
  • 2) плагиат, яғни басқалардың идеялары мен қорытындыларын ұрлау немесе оларды өзінікі ретінде көрсету, тиісті жұмысты өз ойлары мен идеяларының нәтижесі ретінде ұсыну;
  • 3) құжаттарда (оқу журналдары, үлгерім кітапшалары, студенттік билеттер) деректерді бұрмалау және жалған мәлімет қосу, ақпаратты (оның ішінде компьютерлік) көшіріп алу, өзгерту немесе басқа жолмен пайдалану.

4. Оқу жетістіктері үшін көтермелеу

5

Жоғары оқу үлгерімі және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін білім алушыларға әртүрлі моральдық және материалдық марапаттау түрлері белгіленеді.

5. Білім алушылардың жауапкершілігі

7

Оқу және еңбек тәртібін, «РМА» ЖШС Жарғысын, осы Ережені бұзғаны үшін білім алушыларға мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:

  • 1) баяндаманың, ЖПҚ шешімінің негізінде — ескерту (оқытушы, оқу тобының басшысы, әкімшілік ауызша нысанда жасайды);
  • 2) ескерту (жазбаша нысанда жарияланады);
  • 3) сөгіс;
  • 4) «РМА» ЖШС Жарғысын қайтадан өрескел бұзған жағдайда оқу орнынан шығару туралы ескертумен қатаң сөгіс;
  • 5) осы Қағидаларды, үлгерімге ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу қағидаларын өрескел/жүйелі бұзған жағдайларда оқу орнынан шығару.
2

Білім алушылар «РМА» ЖШС әкімшілігінің шешімі бойынша шығарылады:

  • 1) академиялық үлгермегені үшін (семестрдің қорытындысы бойынша үш және одан да көп «қанағаттанарлықсыз» немесе үш және одан да көп «аттестатталмаған пәндер» бағалары бойынша);
  • 4) «РМА» ЖШС-де алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде немесе уытты мас күйінде пайда болғаны, сондай-ақ насвай, электрондық темекі және құрамында никотин бар өзге де бұйымдарды пайдаланғаны үшін;
  • 7) өз қалауы бойынша;
  • 8) егер оқыту шығындарды толық өтеу негізінде жүргізілсе, шарт талаптарын бұзғаны үшін;
  • 10) құжат жоғалған жағдайда (студенттік билет және сынақ кітапшасы) оның телнұсқасы «РМА» ЖШС-де білім алушының бүкіл оқу мерзімі ішінде бір рет қана жазылуы мүмкін. Оқушы жоғалған студенттік билетті және сынақ кітапшасын өз есебінен қалпына келтіреді.
22

Білім алушының ауруы (құжаттамамен расталған), академиялық демалысы кезінде оқудан шығарылуына жол берілмейді.

23

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

24

Тәртіптік жазаларды қолдану «РМА» ЖШС директорының бұйрығымен ресімделеді. Тәртіптік жаза шарасын қолдану туралы мәліметтер білім алушының жеке ісіне енгізіледі.

6. Оқу тәртібі, оқу уақыты және оны пайдалану

7

Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады, екі семестрден тұрады және осы білім беру-кәсіптік бағдарлама бойынша оқу жоспарына сәйкес аяқталады.

8

Оқу сабақтарының басталу және аяқталу уақыты:

  • I ауысым сабақтарының басталуы — 8 сағат 30 минут;
  • II ауысым сабақтарының басталуы — 13 сағат 30 минут;
  • сабақтың аяқталуы — сабақ кестесіне сәйкес.

Жексенбі және мереке күндері оқуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше жағдайларда жол беріледі.

27

Білім алушының міндетті апталық жүктемесі аптасына кемінде 36 сағатты құрайды.

28

Академиялық сағаттың ұзақтығы 90 минут болып белгіленеді, сабақтарды жұптастыруға болады, жұптар арасындағы үзіліс — 10 минут.

30

Оқу сабақтары жұмыс жоспарларына сәйкес жасалған бекітілген кесте бойынша өткізіледі. Кесте семестрге жасалады және сабақ басталғанға дейін бір аптадан кешіктірмей оқу орнының үй-жайында көрнекті жерде ілінеді.

32

Оқу сабақтарын өткізу үшін білім алушылар оқу топтары бойынша бөлінеді.

33

Әр топқа белгіленген нысан бойынша оқу сабақтарының журналы жүргізіледі. Журнал оқу бөлімінде сақталады және оқытушыға беріледі.