Сапа саласындағы саясат
Сапа саласындағы саясат «РМА» ЖШС көрсететін білім беру қызметтерін тұтынушылардың барлығы үшін бағдар болып табылады және сапа жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі құжат болып саналады.
Ұраны: «Кәсібилік – сапаның негізі!»
Пайымдауы
Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны даярлау, қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан қалыптастыру. Денсаулық сақтау саласының орта буын медициналық мамандарға деген қажеттіліктерін барынша толық әрі жедел қанағаттандыру, нарықтық қатынастар талаптарына сәйкес білім беру қызметтерін ұсыну. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жоғары сапасына бағдарлану.
Миссиясы
Денсаулық сақтау саласының қажеттіліктеріне сәйкес, Қазақстанның және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, кәсіби қызметін табысты жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті медициналық мамандарды даярлау.
Құндылықтары
Кәсібилік
Кәсіби білім мен дағдыларды терең меңгеру, өз міндеттеріне жауапкершілікпен және адал қарау, қойылған міндеттерді сапалы әрі кәсіби деңгейде орындау.
Өзара құрмет
Өзгелерді құрметтеу, мәселелерді ашық әрі ізгі ниетпен талқылау, қойылған міндеттерді бірлесіп шешу.
Үздіксіз даму және оқыту
Үнемі алға ұмтылу, қызметкерлердің таланттары мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, жастарды қолдау.
Ынтымақтастық
Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ашық әрі тиімді өзара іс-қимылы.
Инновациялар
Неғұрлым тиімді шешімдерді әзірлеу, іздестіру және тәжірибеге енгізу.
Басым стратегиялық бағыттар
- Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
- Оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану.
- «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасына сәйкес тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, азаматтық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, әдеп нормаларын сақтау.
- «РМА» ЖШС-нің кадрлық әлеуетін сапалы түрде жетілдіру.
- Материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды нығайту және жаңарту.
- Жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимылды дамыту.
Басшылықтың міндеттемелері
«Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС-нің жоғары басшылығы осы Сапа саласындағы саясаттың басқарудың барлық деңгейлерінде тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады. Саясат қажеттілік туындаған жағдайда талданып, қайта қаралуы мүмкін.
«РМА» ЖШС-нің әрбір қызметкері өз құзыреті шегінде атқаратын жұмысының сапасына жеке жауапты болады. Біз тұтынушылардың жұмысымыздың сапасына қанағаттануы «РМА» ЖШС-нің тұрақты дамуы мен қызметкерлерінің әл-ауқатына тікелей әсер ететінін түсінеміз.