Академия / Академия туралы

Жұмысшы мамандықтар жылы

«Менің мамандығым – мақтанышым»

2025 жылдың 27 наурыз күні Астана қ. Сарыарқа ауданы әкімдігінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астана қ. Әдістемелік орталығы, «Астана Жастары» ЖРО «Менің мамандығым – мақтанышым» тақырыбында қалалық іс-шара өткізді.

Іс-шараға әр колледжден түлектер шақырылды: Жақсылық Ақтілек («Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС), Ләззәт Уразбаева, Бибіжамал Жанат («З. Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ), Ибрагим Аружан, Муйнанова Айкен («Томирис» медициналық колледжі» ЖШС). Түлектер мамандықтарының қызығы мен естеліктерімен бөлісіп қана қоймай, арнайы өздері дайындаған бейнематериалдарымен көрсетілім жасады.

«Мейірбике жолы – колледжден халықаралық деңгейге дейін» тақырыбына тыңдалым жасалды.

Мақсаты: студенттердің өз мамандығына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, колледж бітіргеннен кейін де тоқтамай дамып, көптеген жетістіктерге жете алатындарын түсіндіру.

«Менің мамандығым – мақтанышым» қалалық іс-шарасы, 2025 жылғы 27 наурыз
«Менің мамандығым – мақтанышым» іс-шарасының қатысушылары
Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы іс-шарада колледж түлектерінің сөз сөйлеуі
«Менің мамандығым – мақтанышым» қалалық іс-шарасының залы

«Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалі

Колледж студенттері «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалінде
Колледж студенті «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалінде
Фестивальде колледж студентіне алғыс хат табыстау
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестиваліне қатысқаны үшін алғыс хаты, 2025

Толық өлшемде ашу үшін суретті басыңыз.

Түлектермен сұхбат

12 ақпан күні Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС түлектері Изтилеуова Жансая Сериккқызы және Тажбаева Сағыныш Гелимханқызымен сұхбат жүргізілді. Астана қаласы, Байқоныр қосалқы станциясының қызметкерлері.

Әлемде ешқашан өлмейтін, даму үстінде ғана жүріп отыратын мамандықтардың бірі – медицина саласы. Медицинасы дамыған елдің болашағы жарқын болмақ. Өйткені медицина дамыса, елдің денсаулығы жақсарады, осылайша қоғам дамиды.

– Медицина саласындағы басты мақсат – Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, өскелең ұрпақтың саулығын қамтамасыз ету ісіне озық технологиялар енгізу, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Осы бағытта халқымыздың дені сау ұлт болып өсіп-жетілуі жолындағы ақ халатты абзал жандардың еңбегі зор дер едім. Әсіресе кешегідей індет жайлағанда, ел басына күн туғанда, сын сағатта жауапкершіліктен қашпай, еш мойымай бар күш-жігерін елдің амандығы жолында жұмсаған да дәрігерлер қауымы болды.

ЭКСПО-дағы «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі

Астанадағы ЭКСПО көрме алаңында болашақ мамандарды, жұмыс берушілерді және кәсіптік-техникалық ұйымдарды біріктірген «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтті.

Бұл — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылының» алғашқы ауқымды іс-шарасы.

Сонымен қатар іс-шарада «Республикалық медицина академиясы» ЖШС студенттерінің Мемлекет басшысымен кездесуі өтті. 11–15 қаңтар аралығында студенттеріміз «Лиза» роботтандырылған құрылғысын таныстырып, көрме қатысушыларын қуантты.

Көрмеде өз дағдыларымен студенттеріміз Айтбеков Заңғар, Қайнулла Ділназ, Оралғазинова Зәуре, Өтеміс Гүлназ және Жәнібекұлы Айдын бөлісті.

Президент кез келген еңбектің құнды әрі құрметке лайық екенін атап өтіп, жастарды аянбай еңбек етуге шақырды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан директорымыз Сәуле Социалқызы Смаковаға және 3-курс студенті Қайнулла Ділназға алғыс хаттар табысталды.

«РМА» ЖШС студенттері ЭКСПО-дағы «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде
Студенттер «Лиза» роботтандырылған манекенімен жұмысты көрсетуде
Көрмеге келушілер «Лиза» манекенінде дағдыларын байқап көруде
Фестивальде симулятор стендінің жанындағы колледж студенті