Вы сейчас просматриваете Студенттер қатарына қабылдау

Студенттер қатарына қабылдау

14 қараша күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында 1 курс білім алушыларын студенттік қатарға қабылдау рәсімі өтті. Адам өміріндегі ерекше қызықты уақыт ол – студенттік кезең. Өзін-өзі танитын, дамытатын, жетілдіретін нағыз сәтті уақыт. Мамандық игеріп болашаққа нық қадам жасайтын жауапты шақ. Осы жолда Республикалық медициналық академиясын таңдаған білім алушыларда арман жоқ.
Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Шоу бағдарламалар дайындалып, би биленіп, ән салынып мереке қызықты өтті. Студенттік өмірдің негізгі құжаты болып табылатын Студенттік билеттер табысталды. РМА студенттеріне жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий