25 қараша күні “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінде” халықаралық конференция өтті. “Мейірбике ісін реформалау: жетістіктер, проблемалар мен перспективалар” атты ғылыми-практикалық конференциясына оқу орнымыздың оқытушылары Асқарова Аяулым Сәбитқызы мен Құрбанбек Ақтолқын Мұратқызы қатысты. Мейірбике ісі саласына енді қадам басқан әріптестеріміз білікті мамандармен тәжірибе алмасып, білімдерін шыңдап келді. Конференция барысында мейірбике ісі саласында болып жатырған өзгерістер, соңғы кезеңде еніп жатырған жаңалықтар мен заңнамалар талқыланды. Әріптестеріміз “атопиялық дерматитпен ауыратын науқастарға мейіргерлік күтімді оңтайландыру” тақырыбында мақала қорғап, өз еңбектерімен бөлісті.
Ғылыми конференция қонақтары халықаралық дәрежедегі сертификаттарға ие болды. Жас әріптестерімізге ғылым жолында сәттілік тілейміз”