«Республикалық медицина академиясы» ЖШС-де жалпы білім беру, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер апталығы өтті
2026 жылдың 2–6 қарашасы аралығында «Республикалық медицина академиясы» ЖШС-де жалпы білім беру, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясының (ЦӘК) ұйымдастыруымен пән апталығы сәтті өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — білім алушылардың жалпы білім беретін, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндерге деген танымдық қызығушылығын арттыру, студенттердің азаматтық, рухани-адамгершілік және экономикалық сауаттылығын қалыптастыру, сондай-ақ педагогтердің озық тәжірибесі мен инновациялық оқыту технологияларын оқу үдерісіне кеңінен енгізу.
Апталық бағдарламасы аясында бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды:
- Ашық сабақтар: оқытушылар заманауи цифрлық және интерактивті әдістерді қолдана отырып, ашық сабақтар өткізді. Атап айтқанда, цифрлық сауаттылық («Электрондық цифрлық қолтаңба»), химиялық реакция жылдамдығына арналған тәжірибелік сабақтар, Ұлы Жібек жолы мен ХІХ–ХХІ ғасырлардағы қазақ батырларының тарихы, болашақ мамандықпен ұштасқан ағылшын тіліндегі алғашқы медициналық көмек («First Aid») және дене тәрбиесі пәндері бойынша сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
- Интеллектуалдық сайыстар мен дебаттар: 1-курс студенттері арасында логикалық ойлауды дамытуға бағытталған математикалық олимпиада, қазақ фольклорын дәріптейтін «Мақал – сөздің мәйегі» танымдық сайысы және «Химияның қоршаған ортаға әсері» тақырыбында өзекті пікірсайыс (дебат) ұйымдастырылды.
- Шығармашылық байқаулар мен көрмелер: білім алушылардың рухани-танымдық көкжиегін кеңейту мақсатында Абай поэмалары бойынша эссе байқауы, «Алаш арыстарының галереясы» атты ақпараттық-танымдық интерактивті плакаттар жобасы, «Экология және адам денсаулығы» плакаттар көрмесі және «Тіл – ұлттың жаны, тарих – елдің қазынасы» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Апталық қорытындысы бойынша барлық іс-шараларға белсенді қатысып, үздік нәтиже көрсеткен білім алушылар марапатталады.
Оқу орнының әкімшілігі апталықтың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық ЦӘК оқытушылары мен студенттерге алғыс білдіреді.
Фотосуреттер
Колледждің басқа жаңалықтары
«Бірге оқиық» – ұлттық руханиятқа бастар жол
2026 жылғы 6 қарашада ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Бірге оқиық» атты елордалық бір мезеттік әдеби акцияға «Республикалық медицина академияс...
Толығырақ
📚 *«АВТОРМЕН КЕЗДЕСУ» – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАСТАР ЖОЛ*
Колледж кітапханасында «Балалар кітапханасы» және «12 ай – 12 кітап» жобалары аясында «Автормен кездесу» атты әдеби-танымдық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары – *мемлекет және қоғам қ...
Толығырақ
Латын тілінсіз медицина жоқ
23 қазан күні 114 ДТ тобында латын тілі пәні бойынша «Нет медицины без латыни” (“Латын тілінсіз медицина жоқ»)атты ашық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараны пән оқытушысы Севара Хамитовна өткізді. Оқу үдер...
Толығырақ