Колледж / Жаңалықтар

Биологиядан ашық сабақ

Колледж
Биологиядан ашық сабақ

Қараша айының 23-і күні биология пәнінен жоспар бойынша 11Ф, 11 ДТ және 11 ЗТ топтарында «Генетиканың даму тарихы. Г.

Мендель, оның еңбектері» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға генетиканың даму тарихын түсіндіре отырып, Г. Мендельдің еңбектерімен танысу. Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Содан кейін «Т ережесі» арқылы психологиялық ахуал туғызылды. Оқушылар түрлі-түсті қағаз арқылы топқа бөлінді. Сабақ әр түрлі әдістерді қолдана отырып өткізілді. Олар: ВЕЕР, Эдвард де Боно әдісі, Джигсо, Blended learning және т.б. Тақырыпты пысықтау үшін «Айналмалы бекеттер» әдісі қолданды. Бұл әдіс барысында студенттер тапсырма дайындайды. Және белгілі уақыттан кейін оқытушы тапсырмаларын ауыстырып, оқушылар басқа топтың тапсырмаларын жалғастырады. Сонымен қатар, онлайн желісі арқылы сабақты қорытындылау мақсатында Kahoot ойнатылды. Бұл жүйеде тақырып бойынша алдын-ала дайындалған тест тапсырмалары берілді. Және де әрбір тапсырмадан кейін студенттер бір-біріне «басбармақ», «сендфич» әдістері арқылы кері байланыс берді. Әрбір тапсырмаға сәйкесінше критерийлер қойылды. Жетістік ағашы арқылы рефлексия өткізіліп, бағалау парағы арқылы оқушылар өздерін бағалады.

Колледждің басқа жаңалықтары

22 қаңтар 2026 Колледж

«Стоматология және имплантологиядағы заманауи үрдістер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Бүгін Radisson қонақ үйінің конференц-залында ТОО «Республикалық медициналық академиясы» ұйымдастырған колледж директоры Смакова Сауле Социаловнаның мерейтойына арналған «Стоматология мен имплантол…

Толығырақ
27 наурыз 2025 Колледж

Жұмысшы мамандықтар жылы: «Менің мамандығым – мақтанышым»

2025 жылғы 27 наурызда Астана қ. Сарыарқа ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Менің мамандығым – мақтанышым» қалалық іс-шарасы өтті. «РМА» ЖШС атынан түлек Жақсылық Ақтілек қатысты.

Толығырақ
14 қараша 2023 Колледж

08.11.2023 ж Астана қаласының колледждер арасында волейболдан жарыс өткізілді!

Республикалық Медицина Академиясыняң студенттері керемет ойындарымен көзге түсті! Қатысқан студенттерге алғысымызды білдіреміз!

Толығырақ