Колледж / Жаңалықтар

📚 *«АВТОРМЕН КЕЗДЕСУ» – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАСТАР ЖОЛ*

Жарияланым орыс тілінен аударылған.

📚 *«АВТОРМЕН КЕЗДЕСУ» – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАСТАР ЖОЛ*

Колледж кітапханасында «Балалар кітапханасы» және «12 ай – 12 кітап» жобалары аясында «Автормен кездесу» атты әдеби-танымдық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары – *мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, Моңғолия Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Баян-Өлгий аймағының Құрметті азаматы Үзбен Құрманбайұлы*, «Мейірім пәлсапасы» кітабының авторы, Пернебаев Ғалым Жумабаевич, Республикалық Медицина Академиясынын ректоры.

Кездесу барысында қаламгер өзінің шығармашылық жолы, әдеби еңбектері, қоғамдық қызметі туралы әңгімелеп, мейірімділік, адамгершілік, ізгілік пен рухани құндылықтардың қоғамдағы маңызына тоқталды.

Студенттер жазушының әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.

✨ Тағылымды кездесу жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге бағытталды.

Іс-шара *«Адал азамат»* біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

📖 Кітап – рухани қазына, ал автормен кездесу – өмірлік өнеге!

 #АдалАзамат #БалаларКітапханасы #12Ай12Кітап #АвторменКездесу #ВстречаСАвтором #КітапОқу #РуханиҚұндылықтар #РМА 

Фотосуреттер

Колледждің барлық жаңалықтары

Колледждің басқа жаңалықтары