Академия / Жаңалықтар

«Бірге оқиық» – ұлттық руханиятқа бастар жол

«Бірге оқиық» – ұлттық руханиятқа бастар жол

2026 жылғы 6 қарашада ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Бірге оқиық» атты елордалық бір мезеттік әдеби акцияға «Республикалық медицина академиясы» ЖШС білім алушылары қатысты.

Акцияның басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және ұлы ағартушының мұрасын жас ұрпаққа таныту.

Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» деген тағылымды үндеуі бүгінгі ұрпақ үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, іздену және оқу мәдениетін қалыптастыру – саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызды негізі.

Кітап оқу – білімге бастар жол, ал білімді ұрпақ – ел болашағы!

Колледждің барлық жаңалықтары

Колледждің басқа жаңалықтары

12 қараша 2026

«Республикалық медицина академиясы» ЖШС-де жалпы білім беру, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер апталығы өтті

2026 жылдың 2–6 қарашасы аралығында «Республикалық медицина академиясы» ЖШС-де жалпы білім беру, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясының (ЦӘК) ұйымд...

Толығырақ
30 қазан 2026

📚 *«АВТОРМЕН КЕЗДЕСУ» – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАСТАР ЖОЛ*

Колледж кітапханасында «Балалар кітапханасы» және «12 ай – 12 кітап» жобалары аясында «Автормен кездесу» атты әдеби-танымдық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары – *мемлекет және қоғам қ...

Толығырақ
23 қазан 2026

Латын тілінсіз медицина жоқ

23 қазан күні 114 ДТ тобында латын тілі пәні бойынша «Нет медицины без латыни” (“Латын тілінсіз медицина жоқ»)атты ашық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараны пән оқытушысы Севара Хамитовна өткізді. Оқу үдер...

Толығырақ