Академия / Жаңалықтар

1 қыркүйек — Білім күні

Жарияланым орыс тілінен аударылған.

1 қыркүйек — Білім күні

Елімізде жыл сайын 1 қыркүйекте Білім күні мерекесі атап өтіледі.

Білім күні — барлық оқушылар, студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылары үшін мереке. Бірақ ең есте қаларлық әрі толқулы күн — бірінші сынып оқушылары мен бірінші курс студенттері үшін, өйткені дәл 1 қыркүйекте мүлдем жаңа өмір басталады.

Бүгін «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС-де жаңа оқу жылына арналған салтанатты жиын өтті. «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС проректоры Е. С. Оналбеков барлық қатысушыларды Білім күні — алғашқы ашылулар мен әсерлер күнімен құттықтады!

Салтанатты жиынды құттықтау сөзімен директор С. С. Смакова жалғастырды. Сәуле Социалқызы барлығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табыс, сәттілік, жаңа өмірлік бастамалар тіледі және 1-курс студенті Әуелбай Жайханға «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС құрылтайшысының білім беру грантын табыстады.

Колледждің барлық жаңалықтары

Колледждің басқа жаңалықтары